ҚР ІІМ өкілі жол апатының себептерін атады

18 Шілде, 10:28 511

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы Сәбит Нұрлыбайдың басшылығымен жол қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының (ВАЖТ) кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бас прокуратура мәліметінше, отырыс жұмысына ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қ.А. Сұлтанбеков, өңірлер әкімдерінің орынбасарлары, министрліктердің бейінді ведомстволарының жауапты бөлімшелері, жергілікті атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелері, полиция департаменттері, облыстық прокуратуралар, комитеттің аумақтық департаменттері, «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ-ның басшылары, сондай-ақ IT-компаниялардың өкілдері қатысты.

Отырысты аша отырып, Сәбит Нұрлыбай жол қауіпсіздігі мәселесі мемлекет басшысы мен бас прокурордың ерекше бақылауында екенін еске салды.

ВАЖТ-пен жүргізілген жұмыстың ауқымын атап өтіп, ВАЖТ ұсынымдары шеңберінде жүргізуші куәлігін алу емтиханына өзін-өзі даярлау тоқтатылғаны, «Автомектеп» ақпараттық жүйесі әзірленгені туралы айтылды. «Көлік құралын басқаруға рұқсат алу туралы анықтама беру» мемлекеттік қызметі электрондық форматқа ауыстырылды. Сондай-ақ көлік құралдарына газ баллон жабдығын қауіпсіз орнатуды бақылау жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленуде.

Көлік министрлігі таксилердің «Яндекс» және «Индрайв» ірі агрегаторларымен ынтымақтастық туралы меморандум жасады, оның аясында еңбек және демалыс режимін, такси жүргізушілерінің денсаулық жағдайын, сондай-ақ автомобильдің техникалық жай-күйін бақылау жүзеге асырылатын болады. Трассалық медициналық-құтқару пункттерін орналастыру және қайта орналастыру бойынша орындарды белгілеу әдістемесі әзірленді, оған сәйкес ЖКО орындары мен жолдардың авариялық-қауіпті учаскелері комитеттің апаттылық картасында бейнеленген.

Отырыс барысында ВАЖТ қатысушыларының ұсыныстарын ескере отырып қалыптастырылған жол қауіпсіздігі деңгейін арттыру бойынша ұсынымдардың жаңа пакеті талқыланды.

Сонымен қатар жол қауіпсіздігі саласындағы проблемалық және кешенді шаралар қабылдауды қажет ететін мәселелер туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қ.А. Сұлтанбеков баяндады.

Қайсар Сұлтанбеков жол қозғалысы қауіпсіздігінің жай-күйіне жолдарда жүргізушілердің де, жаяу жүргіншілердің де жол тәртібінің төмендігі, сондай-ақ жол инфрақұрылымының жағдайы сияқты теріс факторлар әлі де әсер ететіні туралы хабарлады.

ЖКО санын қысқарту және салдарының ауырлығын төмендету мақсатында оларға ЖКО себептерін жою, республикалық трассалар мен жергілікті автожолдарда қауіпсіз жол инфрақұрылымын құру жөнінде бірқатар шаралар ұсынылды.

Атап айтқанда, уәкілетті органдармен бірлесіп автожолдарды тексеру, жол қозғалысын ұйымдастыруды өзгерту жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, реконструкциялау және жөндеу жүргізіліп жатқан барлық жолдарда дайын учаскелерді ашу бойынша жұмысты жедел жүргізу, түнгі уақытта трассаларда аварияларды азайту үшін инновациялық «жарық беретін» жол белгісін пайдаланудың шетелдік тәжірибесін қолдану мәселесін пысықтау, сондай-ақ жергілікті маңызы бар жолдарды дамыту бағдарламасын қабылдау болды.

Сондай-ақ, отырыс барысында Атырау облысының тәжірибесі қаралды, онда қала сыртындағы трассаларды бұзушылықтарды заманауи фотобейнетіркеу жүйелерімен жабдықталған сәйкестендіру белгілері жоқ полицияның қызметтік автомашиналармен патрульдеу жұмысы сәтті сынақтан өтті. Осындай құқық бұзушылықтар туралы ақпарат автоматты түрде БП ҚСжАЕК ӘІБТ-нің Процессинг орталығына жіберіледі, ал құқықбұзушыға айыппұл туралы хабарлама келеді.

ІІМ-ге еліміздің барлық өңірлерінде осындай тәжірибені сынақтан өткізу, сондай-ақ ҚСжАЕК-пен бірлесіп, жолдардағы  бұзушылықтардың алдын алу және ЖКО схемаларын жасау кезінде «дрондарды» қолдану мүмкіндігі туралы IT-компания ұсынған техникалық шешімді зерделеу ұсынылды.

Денсаулық сақтау министрлігіне төтенше жағдайлар министрлігімен және ІІМ Әкімшілік полиция комитетімен бірлесіп ЖКО-дан зардап шеккен адамдарға уақтылы медициналық көмек көрсету үшін жедел ведомствоаралық өзара іс-қимыл мәселесін пысықтау ұсынылды.

Отырыс қорытындысы бойынша барлық мүдделі мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар өздерінің ерекшеліктерін ескере отырып, республикалық және облыстық деңгейлерде апаттылықты төмендетуге бағытталған нақты және егжей-тегжейлі іс-шараларды әзірлеу бойынша бірлескен шаралар қабылдауға бағытталды.

Осы тұрғыда Комитеттің жетекшілігімен ведомствоаралық жұмыс тобы уәкілетті органдарға күш біріктіруге және бір-бірімен тығыз қарым-қатынас жасай отырып, туындаған мәселелерді шешуге мүмкіндік беретін орталыққа айналды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: