ҚР әділет вице-министрі тағайындалды

15 Қараша 2022, 19:04 1109

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлады

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Бекболат Серікұлы Молдабеков Қазақстан Республикасының әділет вице-министрі қызметіне тағайындалды деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Бекболат Молдабеков 1991 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген.

Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін бітірген.

Еңбек жолын 2014 жылы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ жобалық кеңсесінің талдаушысы болып бастаған.

2014-2016 жылдары ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің Ақпараттандырудың жаңа моделін дамыту және нормативтік-техникалық құжаттаманы сараптау басқармасының бас сарапшысының м.а., бас сарапшы болып жұмыс істеді.

2016-2017 жылдары – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпараттандыру департаментінің Ақпараттандырудың жаңа моделін дамыту және нормативтік-техникалық құжаттаманы сараптау басқармасының бас сарапшысы.

2017-2018 жылдары – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпараттандыру департаментінің Ақпараттандыру және нормативтік-техникалық құжаттаманы сараптау жаңа моделі басқармасының басшысы.

2018-2019 жылдары – ҚР цифрлық даму, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Цифрландыру департаменті директорының орынбасары.

2019-2020 жылдары – ҚР цифрлық даму, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Цифрландыру департаментінің директоры.

2020-2021 жылдары ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Цифрлық трансформация, цифрлық шешімдер департаментінің директоры болып жұмыс істеді.

2021 жылдың тамыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік қызметтер комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

EL.KZ
Бөлісу: