ҚР Әділет министрі лауазымынан босатылды

30 Желтоқсан 2022, 10:15 2008

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қанат Сергейұлы Мусин Қазақстан Республикасының Әділет министрі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.

Қанат Мусин 1966 жылы Целиноград қаласында (Астана) туған.

Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін тәмандаған.

1984-1986 жылдары Целиноград қаласының Ленин аудандық халық сотының сот орындаушысы, сот отырысының хатшысы, архивариусы;

1986-1989 жылдары «Целиноградоблгазтоп» өндірістік бірлестігінің аға юрисконсульты;

1989-1998 жылдары Целиноград қаласы, Ақмола облысының прокуратура органдарында қызмет еткен, тергеуші, бөлім басшысы, Астана қаласы прокурорының орынбасары;

1998-2001 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының орынбасары, Жамбыл облысы прокурорының бірінші орынбасары;

2001-2007 жылдары қаржы полициясы органдарында қызмет еткен, Батыс Қазақстан облысы, Алматы қаласы Экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті басшысының орынбасары;

2007-2010 жылдары Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңес аппаратында жұмыс істеген: бас сарапшы, бас инспекторы, Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығы меңгерушісінің 2010-2012 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының бірінші орынбасары;

2012-2016 жылдары Астана қаласының Әділет департаментінің басшысы;

ҚР Жоғарғы Сотының судьясы (10.06.2021ж)

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы (14.06.2021-01.2022);

Қазақстан Республикасының Әділет министрі ( 11.01.2022ж)

EL.KZ
Бөлісу: