ҚҚС үшін төлемдер енгізу туралы ақпарат жалған

18 Қараша 2023, 21:36 667

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі "ҚҚС төлемін" енгізгені туралы мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде таратылып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Азаматтардан тек ресми көздердегі ақпаратқа сенуді сұраймыз. Жалған ақпарат тарату заңмен жазаланатынын естеріңізге саламыз, - делінген мәліметте.

Берік Арманов
Бөлісу: