ҚҚС үшін төлемдер енгізу туралы ақпарат жалған

18 Қараша 2023, 16:16 733

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеме жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Министрліктің "ҚҚС төлемін" енгізгені туралы мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде таратылып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды. Азаматтардан тек ресми көздердегі ақпаратқа сенуді сұраймыз. Жалған ақпарат тарату заңмен жазаланатынын естеріңізге саламыз, - деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Асқар Таудай
Бөлісу: