ҚҚС-ның жаңа мөлшерлемесі туралы ұсыныс Мәжіліске қашан енгізіледі

Бүгiн, 10:17 231

Талқылау қорытындысы бойынша Салық кодексінің жобасына түзетулер 20 ақпанға дейін Мәжілістің қарауына енгізіледі. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектенов салық реформасы мәселесі қаралып жатқан Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Мемлекет басшысы отандық бизнес өкілдерімен кездесуде салық реформасын кәсіпкерлермен, депутаттармен және сарапшылармен бірге  егжей-тегжейлі талқылауды тапсырды, – деді Олжас Бектенов.

Жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин баяндады. Мәселен, биылғы 10 ақпанда «Атамекен» палатасымен және кәсіпкерлермен сараланған мөлшерлемелер, арнайы салық режимдері, ҚҚС бойынша есепке қою шегі мәселелері талқыланды.

Жалпы ұсыныстарды қолдаймыз. Осы аптада өңірлерге  барып егжей-тегжейлі талқылау керек халықтың барлық санаттарымен. Мен де Астанада және өңірлерге барып, талқылауларды өткіземін. 

Осы жұмыстың нәтижесі бойынша Салық кодексінің жобасы мен  ілеспе заң жобасына түзетулерді 20 ақпанға дейін Мәжіліске енгізу керек. Ары қарай Мәжілісте талқылауды жалғастырамыз, – деп атап өтті Олжас Бектенов. 

Бүгіннен бастап Үкімет бастамаларын өңірлердегі бизнес-қауымдастықтардың қатысуымен талқылайтын алты жұмыс тобы өз жұмысын бастайды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: