Үкіметтің кеңейтілген отырысынан кейін өткен баспасөз брифингінде БАҚ өкілдері ұлттық экономика министрі Серік Жұманғаринге қосылған құн салығына қатысты сауалдар қойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Осы ретте Серік Жұманғарин бір ерекшелік ҚҚС төлейтін тізімді ұлғайту екенін, қазіргі уақытта ҚҚС-ны 137 мың 700 кәсіпкер төлейтінін атап өтті. Соның ішінде нақты төлейтіндер 88 мың екенін жеткізді.
ҚҚС төлейтін тізім әлдеқашан бұзылып, қазіргі уақытта жұмыс істемейді. Бүгінде қарапайым кәсіпкерлер 12 пайыз төлейді, қазір біз 20 пайыз қыламыз деп ештеңе айтқан жоқпыз. Бірақ әйтеуір көтереміз деген жоспар бар. 20 пайызға дейін көтерсек, кәсіпкерге орташа жүктемесі 4 пайыздан аспайды. Сол себепті бұл ертең бизнестің банкротына әкеледі деп ойламаймыз, – деді ұлттық экономика министрі.
Тілші: «Қосылған құн салығы алдағы уақытта қосылатын болса, тауарлар мен қызметтердің бағасы қанша пайызға өсуі мүмкін?» деп сұрады.
Оны қазір есептеп жатырмыз. Бизнес, сарапшы, Ұлттық банк өкілдерімен ақылдасып, келісіп жатырмыз. Олардың макроқаржылық модельдері бар. Баға қалай көтеріледі, бұл тауарларға байланысты. Бірақ күнделікті пайдаға асатын тауарлар 4-6 пайызға көтеріледі. Одан артық өспейді. Әрине, инфляция көтеріледі. Қысқа мерзімге есептегенде, бір жылдан астам болмайды, – деді Серік Жұманғарин.