ҚПЛ клубы жаттығуларға бойкот жарияламақ

12 Қыркүйек 2023, 18:35 969

Павлодардың "Ақсу" футбол клубының футболшылары жаттығуларға бойкот жариялап, ҚПЛ матчына шығудан бас тартпақ. Бұл туралы "Серый CARDINAL" телеграм-каналына сілтеме жасай отырып El.kz  ақпарат агенттігі хабарлайды.

Дереккөз мәліметінше, бұған клубтың футболшылардың алдындағы қарызы себеп.

Қолда бар дерекке қарағанда, футболшылар алдындағы қарызға байланысты "Ақсу" клубының ойыншылары сәрсенбі күннен бастап жаттығуларға бойкот жарияламақ. Егер клуб басшылығы қарызды 15 қыркүйекке дейін төлемесе, онда команда чемпионаттың күнтізбелік ойынына қатыспайды, - делінген.

Оқи отырыңыз:

Дәл қазір "Ақсу" турнирлік кестеде соңғы орында келеді. Павлодарлықтардың еншісінде 15 ұпай бар.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: