Қоянның кесірінен 153 жолаушысы бар Boeing ұшағы күтпеген жағдайға тап болды

17 Сәуір, 14:15 3471

АҚШ-тан Канадаға бағыт алған United Airlines компаниясының Boeing 737 ұшағы күтпеген жағдайға байланысты ұшып шыққан әуежайына қайта қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға Денверден Эдмонтонға бағытталған рейсте орын алған. Ұшақ көкке көтерілгеннен кейін көп ұзамай оның бір қозғалтқышы отқа оранып, экипаж шұғыл қону туралы шешім қабылдаған. Тергеу нәтижесінде, ұшу-қону жолағында қоянның жүгіріп шыққаны және оның тікелей жұмыс істеп тұрған қозғалтқышқа түсіп кеткені анықталған. Оқиғаның куәгерлері қоян турбинаға сорылып кеткеннен кейін қатты жарылыс дыбысы естіліп, ұшақты шайқай бастағанын айтқан.

Ұшақ бортында 153 жолаушы мен 6 экипаж мүшесі болған. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ, бірақ жолаушылар қатты қорқып қалған.

Қауіпсіз түрде қонғаннан кейін, барлық жолаушылар басқа ұшаққа отырғызылып, белгіленген жерге кешігіп жетті. United Airlines компаниясы келтірілген қолайсыздық үшін кешірім сұрап, оқиғаға байланысты жан-жақты тексеріс жүргізілетінін мәлімдеді.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: