Қояндыда бір түнде 80 мың текше метр су тартылды

27 Наурыз, 08:08 799

Қояндыда бір түнде 80 мың текше метр еріген қар суы тартылды, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.

Целиноград ауданы Қоянды ауылында су тасқынына қарсы жұмыстар әлі де жалғасып жатыр.

27 наурыз сағат 06:00 жағдай бойынша 80 мың текше метр еріген су тартылды. Ақмола облысы мен Астана қаласы ТЖД және ЖАО 17 техникасы, 76 адамы және 18 мотопомпасы жұмылдырылды. Жағдай қалыпты,- деді Ақмола облысы ТЖД бастығы міндетін уақытша атқарушы Қанат Доспаев.

Зарина Арман
Бөлісу: