Қояндыда 2 үй мен 20 аула су астында қалды

26 Мамыр, 16:05 685

Ақмола облысы Целиноград ауданындағы Қоянды ауылында 2 үй мен 20 аула су астында қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Төтеншеліктердің мәліметінше, өңірде шамадан тыс мөлшерде жауын-шашын жауған.

Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдар мен ауданның төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері су айдау жұмыстарын жүргізіп жатыр. 

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: