Қостанайлық полицейлер көпқабатты үйдің тұрғындарын өрттен құтқарды

10 Шілде 2023, 14:13 851

Лисаков қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері көпқабатты үйдің тұрғындарын өрттен құтқарды. Бұл туралы Polisia.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оқиға 9 шілде күні түстен кейін болды. Учаскелік полиция инспекторы Жаслан Болдусовтың ұялы телефонына 6 шағын ауданның тұрғындарынан қоңырау келіп түскен.

Полицейге 5-қабатта балконда кішкентай қыз бар, пәтерден түтін шығып жатыр деп хабарлаған. Өрт орнына учаскелік полицей Азат Нұрғалиев, патрульдік полиция қызметкері Айбек Байсапақов және полиция басқармасы бастығының орынбасары Ораз Жансайбай келген.

Сондай-ақ өрт сөндірушілер де шақырылды. Оқиға орнында тәртіп сақшылары жағдайды бағалады. Алтыншы қабаттан балконға түсіп, баланы құтқару туралы шешім қабылданды.

Алайда балконның өзі тым тар болып, есікті бұзуға тура келді. Осы кезде өрт сөндірушілер келіп, 8 жастағы баланы түтінді пәтерден алып шықты, – деді учаскелік полицей Жаслан Болдусов.

Осы кезде полицейлер басқа тұрғындарды эвакуациялай бастаған. Жасөспірімнің анасы пәтерде түтіннің салдарынан пәтерден шыға алмайтын 15 жасар қызы бар екендігін айтқан. Полиция оған эвакуациялауға көмектесіп, қызын анасына берді. Өрт тез сөндірілді. Алдын ала мәліметтер бойынша, өрт сымдардың тұйықталуына байланысты болған. Үй тұрғындары өртті сөндіріп және тұрғындарды эвакуациялауға қатысқандардың барлығына алғыстарын білдірді.

EL.KZ
Бөлісу: