Қостанайдағы жарылыс: қару-жарақ дүкенінің басшысы сотталды

2 Маусым 2023, 12:27 798

Бүгін Қостанайдағы қару-жарақ дүкеніндегі жарылыс жөніндегі іс бойынша үкім шығарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Естеріңізде болса, былтыр 3 қыркүйек күні Қостанайдағы «Оружейная палата» дүкенінде жарылыс болып, салдарынан жанында тұрған бір қабатты ғимараттар өртенген болатын. Қызыл жалын ТҚК, асхананы шарпып, жалпы аумағы 2000 шаршы метр аумаққа таралды. Өкінішке қарай, төрт адам көз жұмды.

Бұл іс бойынша «Сатурн 2012» ЖШС және «Оружейная палата» дүкенінің басшысы Сергей Бескровный сотталды.

Өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталмауына жол берген басшы айыпты деп танылып, 5 жылға түрмеге жабылды.

Өрттен төрт адам көз жұмып, тағы алты адам әртүрлі дәрежеде дене жарақаттарын алған. Одан бөлек азаматтарға 491 миллион 31 мың 129 теңге залал келген.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: