Қостанайдағы автопаркте автобустар өртенді

24 Қыркүйек, 10:07 605

Түн ортасында "101" пультіне күзету қызметінен Қостанай қаласындағы автобус паркінің аумағында автомобиль боксынан түтін шыққаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Түтіннің жоғары тығыздылығына қарамастан, газ-түтіннен қорғау қызметі барлау кезінде бокста бес автобустың жанып жатқанын анықтады. Өрт сөндірушілер өрттің одан әрі таралуына жол бермей, 27 қалалық автобустар мен бокс конструкцияларын өрттен аман сақтап қалды.

Өрт толықтай 220 шаршы метр алаңда сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: