Қостанайда жылына 70 мың автомобиль шығаратын зауыт салынады

13 Маусым, 08:31 588

Роман Скляр Hyundai Motor Group вице-президентімен автоөнеркәсіптегі локализацияны тереңдету мәселесін талқылады, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.

Кездесу барысында тараптар шетелдік инвестордың Қазақстан Үкіметі жүргізіп отырған локализация саясатына белсенді қатысуын талқылады.

Өткен жылдың соңында компания Қостанайда автомобиль шығаратын зауыт құрылысын бастады, оған $200 млн инвестиция тартылады. Жылына 70 мың автомобиль шығаратын зауыт Оңтүстік Кореядан тысқары елдегі алғашқы ірі өндіріс орны болмақ. Зауыт 1,5 мың адамды, ал бір-бірімен байланысты салаларды есепке алғанда 2 мыңға жуық адамды жұмыспен қамтамасыз етеді деп болжанып отыр.

Қорытындылай келе, қос тарап жобаны табысты іске асыруға және өзара ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға сенім білдірді. 

Зарина Арман
Бөлісу: