Қостанайда жүк көлігінен 1,5 тоннаға жуық снюс пен насыбай тәркіленді

9 Қазан, 13:23 482

Қостанайда полиция жүк көлігінен 1,5 тоннаға жуық шегілмейтін темекі тәркіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Polisia.kz мәліметінше, тәртіп сақшылары облыс прокуратурасының үйлестіруімен Шымкенттен сауда базарларының біріне жүкті заңсыз жеткізген 37 жастағы ауыр жүк көлігінің жүргізушісін ұстады.

Тінту барысында полиция қызметкерлері салмағы бір жарым тоннаға жуық 50-ден астам қорапты тәркіледі. Қораптардың ішінде снюс және бірнеше түрі бар насыбай болды. Ал жүктің өзі қапшыққа салынған пияздардың арасында мұқият жасырылған екен.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу басталды, қажетті тергеу шаралары жүргізілуде.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: