Қостанайда жоғалып кеткен малшы табылды

Бүгiн, 03:11 141

Қостанай облысы Шөптікөл ауданында жоғалған малшы аман-есен табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

1986 жылы туған ер адам 31 қаңтар таңертең жылқы іздеуге кетіп, үйіне оралмаған. Туыстары құтқарушылардың көмегіне жүгінген. 

Төтеншеліктер жедел түрде іздестіру жұмыстарын жүргізіп, іздестіру тобы Амангелді ауылынан 45 шақырым жерде жоғалған адамды тапқан. Белгілі болғандай, ер адам далада адасып кеткен. Оның ұялы байланыс телефоны болмаған.

Құтқарушылар оған қажетті көмек көрсетіп, аман-есен үйіне жеткізілді. Оған медициналық көмек қажет болмаған.

 

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: