Қостанайда үйдегі жиһаз бен тұрмыстық заттар жанып кетті

2 Маусым, 15:40 555

Қостанай облысы Нечаевка ауылында жеке тұрғын үй өртенді. Үйдегі тұрмыстық заттар мен жиһаздар, сонымен қатар үй төбесі жанған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Оқиға орнына дер кезінде келген өрт сөндірушілер қызыл жалында сөндіріп үлгерді. Өрт 40 шаршы метр аумақты шарпып үлгерген. Зардап шеккендер жоқ. 

Алдын ала болжам бойынша өрт электр сымдардың қысқа тұйықталуынан шыққан. 

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: