Қостанайда үш жасөспірім 5 жастағы қызды зорлады деген күдікке ілінді

29 Шілде, 10:26 1709

Қостанайда бес жасар қыздың топтық сексуалдық зорлық-зомбылыққа ұшырағаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы қыздың анасы #НеМолчиKZ ұйымына мәлімдеген.

6 шілде күні анасы қызына велосипед алып берген. Оны аулда құрастырып жатқанда қызды көрші бала үйдің артына алып кеткен. Қызын таппай қалған әйел оны ұзақ уақыт іздейді. Шамалы уақыттан соң, қызының кір, ұйпа-тұйпа күйде бір қап ойыншық ұстап келе жатқанын көреді. Қорқып кеткен анасы оған ұрысқан көрінеді. Бұл көп ата-аналарда жиі болатын реакция. Сондықтан психологиялық және құқықтық тұрғыдан сауатты болу керек, – деп жазды Дина Таңсәрі. 

Қыз тұйықталып, бірден болған оқиға туралы айтпаған.

Шындық 20 шілде күні белгілі болды. Қыз атасына басынан өткен жағдайды түгел айтып береді. Осыдан кейін полицияға арыз түсті. Белгілі болғандай, қызды алыс жерге апарып, сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған. Қарсыласқан және айқайлаған балаға екі бала күш қолданып, таспен самайынан ұрған. Осылайша қыз жантүршігерлік әрекеттердің құрбаны болды, - делінген хабарламада.

Полиция сараптама тағайындап, балалардан жауап алды. Олар өз кінәсін мойындады. Полиция қызметкерлері мемлекеттік заңгер мен мектептен психологты шақыртты. Жазба авторы жасөспірімдерге тәрбие бере алмаған ата-анасына айыппұл салып қана қоймай, сот алдында жауапқа тартылу керегін айтады. Сонымен қатар, жәбірленуші қыз бен оның отбасына моральдік зиян келтіргені үшін өтемақы төлеуін талап етті.  

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: