Қостанай облысы Қарасу ауданындағы аттас ауылдан 12 шақырым қашықтықта қар құрсауында қалған көлікті шығару бойынша сәтті операция жүргізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әке екі баласын балық аулауға үйрету үшін жолға шығып, қайтарда қар құрсауында қалып, өздігінен қауіпсіз жерге шыға алмаған.
Құтқарушылар оқиға орнына жедел келіп, көлікті жолдың тазартылған учаскесіне сүйреп шығарды. Өз кезегінде жүргізуші дер кезінде көрсетілген көмек үшін құтқарушыларға алғыстарын жеткізді.