Қостанайда такси жүргізушісі ер адамды пышақтап тастады, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.
Қостанай облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, орталық базар ауданынан ауруханаға пышақ жарақатын алған ер адам жеткізілген.
Оқи отырыңыз:
Жүргізілген тексеру аясында полиция жолаушы мен такси жүргізушісінің арасында қақтығыс туындап, жүргізуші пышақ жарақатын салғаны анықталды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 106-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта болған оқиғаның мән-жайын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.