Олар шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді, тағы бір бала медициналық тексеруден кейін үйіне жіберілді. Төбешіктен сырғанаған екі қыз бірнеше сағаттық айырмашылықпен ес-түссіз табылды. Медициналық топтар алғашқы көмек көрсетіп, оларды ауруханаларға жеткізді.
Дәрігерлер қысқы сырғанақ алаңдары үлкен қауіп туғызуы мүмкін екенін де еске салды. Олар ата-аналарды балаларды мұндай жерлерге қараусыз жібермеуге шақырды.
Кәмелетке толмағандардың өмірі мен денсаулығы үшін жауапкершілік, ең алдымен, ересектерге жүктеледі.