Қостанайда студенттердің құқықтық сауатын арттыруға арналған кездесу өтті

14 Ақпан, 18:04 530

Қостанайда «Заң және тәртіп: әділ Қазақстанға бірге» тақырыбы аясында жоғары оқу орындарының студенттерімен маңызды кездесу ұйымдастырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Іс-шараның мақсатыстуденттердің құқықтық сауаттылығын арттыру, құқықтық жағдайларды талдау дағдыларын қалыптастыру, сыни ойлауды, риториканы және командада жұмыс істеу қабілетін дамыту, сот төрелігі органдарының қызметімен танысу болды.

Кездесуге қызығушылық білдірген студенттер, судья, прокурор, адвокат, заң кеңесшісі қатысты.

Интерактивті сот процесі барысында судьялар, прокурорлар, адвокаттар, сотталушылар мен куәгерлер рөліндегі қатысушылар интернет-алаяқтық туралы істі талдады. Сарапшы заңгерлер сөйлеген сөздерін бағалап, кері байланыс берді. Соңында қатысушылар сертификаттар мен естелік сыйлықтармен марапатталды.

Ажар Лаубаева
Бөлісу: