Қостанайда жүк көліктері өртеніп кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әулиекөл ауданының тасжолында 25 тонна шөп тиелген тіркемелері бар екі жүк көлігі жанып кетті. ТЖМ күш-құралдары өртті толықтай сөндірді. Жалын шарпыған аумақ — 60 шаршы метрді құрады.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.
ТЖМ жол көлігінде төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалуды ескертеді.