Қостанай облысы Әулиекөл ауданында жеке тұрғын үйдің ауласында шаруашылық құрылыс ғимараты өртенді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қызыл жалын 25 шаршы метр аумақты шарпыған. Оқиға 6 мамыр кешкі уақытта болған. Өрт сағат 22.42-де сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
Алдын-ала болжам бойынша өрт электр сымдарының қысқа тұйықталуынан шыққан.