Қостанайда серуендеуге шыққан зейнеткер орманда адасып қалған

Кеше, 22:00 154

Қостанайда шипажайда демалып жатқан әжей адасып қалды. 1953 жылы дүниеге келген зейнеткер серуендеуге шыққан, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға Алтынсарин ауданында болған. 72 жастағы тұрғын орман алқабында жүріп, кері қайтуға жолды таба алмаған. Өзінің адасып қалған түсінген ол "112" қызметіне  қоңырау шалып, көмек сұраған.

Шақырту бойынша дереу іздестіру жұмыстарына шыққан құтқарушылар зейнеткерді демалыс базасынан алыс емес жердегі орман алқабынан тауып, оны шипажайға аман-есен жеткізді. 

Төтеншеліктердің айтуынша, зейнеткерге медициналық көмек қажет болмаған. 

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: