Қостанайда сарапшылар тамақ қауіпсіздігі мәселелерін талқылады

8 Маусым, 15:45 569

Қостанай облысында Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің, ветеринариялық бақылау және қадағалау өңірлік инспекцияларының, Ұлттық сараптама орталығының Қостанай облысы бойынша филиалы мамандарының, сондай-ақ өңір кәсіпкерлерінің қатысуымен тамақ қауіпсіздігінің өзекті мәселелері бойынша өңірлік семинар өткізілді, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.

Семинарға қатысушылар 2018-2021 жылдар аралығында Алиментариус кодексі комиссиясының Еуропалық өңір бойынша үйлестіру комитетіне төрағалық ету шеңберінде Қазақстанның жұмыс тәжірибесімен танысты.

Кодекс Алиментариус халықаралық стандарттарын ескере отырып, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді мемлекеттік бақылаудың жаңа тәсілдері, транс майларды, ветеринариялық препараттардың қалдықтарын, синтетикалық бояғыштарды, тамақ генезінің микробқа қарсы төзімділігін, техникалық реттеу мәселелері, сондай-ақ жаңа тамақтану көздерін енгізудің халықаралық аспектілері талқыланды.

Мамандар мен кәсіпкерлер арасында өнеркәсіп, қоғамдық тамақтану және сауда кәсіпорындарында ХАССП қағидаттарын енгізу, тамақтан улануды тергеп-тексеру алгоритмін талқылау үлкен қызығушылық тудырды.

Семинардың қорытындысы бойынша ішкі тұтыну нарығын қауіпсіз емес өнімдерден қорғау және кәсіпкерлік субъектілерінің жауапкершілігін арттыру бойынша бақылауды жетілдіру жөніндегі жұмысты жалғастыру туралы шешімге қол жеткізілді.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: