Қостанай облысы Жангелді ауданындағы Қөлқұдық қыстағынан мотоциклмен шығып, қайта оралмаған малшы табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
1996 жылы туған ер адам ауа райының қолайсыздығынан қалың тұман түскендіктен жолдан адасып қалған. Оны іздеуге құтқарушылар, полиция қызметкерлері және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері жұмылдырылды. Жас жігіт Торғай ауылынан 6 шақырым жерден табылды.
Осы ретте ТЖМ тұрғындарға, әсіресе шалғай аудандарда тұратындарға өздерінің қозғалысы туралы туыстарына хабарлау және әрқашан өздерімен байланыс құралдарын алып жүру қажеттілігі туралы ескертеді.