Қостанайда қарлы боранда адасып кеткен балықшы табылды

19 Ақпан, 05:15 566

Қостанайда достарымен бірге балық аулауға шыққан ер адам қарлы боранда адасып кеткен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қостанай облысында 112 пультіне  Арқалық қаласының маңында орналасқан Ақжар көлінің жағалауында балықшы жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Ер адам балықшылар тобымен бірге болған, бірақ жолдастарынан алыстап, бағытын жоғалтып алған.

Хабарламаны алғаннан кейін құтқарушылары жоғары өту техникасымен жедел түрде  іздеуге шықты. Үйлесімді жұмыстың арқасында ер адам көлдің жанындағы қарлы даладан табылды. Құтқарушылар бірден балықшыны жылытып, жылы шай беріп, елдімекенге жеткізді. Ер адамға медициналық көмек қажет болмады. Ол құтқарушыларға алғысын білдірді,-деп атап өтті ТЖМ. 

Асқар Таудай
Бөлісу: