Қостанайда қала күні аталып өтті

20 Тамыз 2023, 21:40 1005

Мерекеде қала мен облыстың жаңа құрметті азаматтарының есімдері жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық әкімдік мәліметінше, сахнаға бірінші болып аймақтың брендіне айналған "Карнавал" би ансамблінің негізін қалаушы және тұрақты жетекшісі Шамиль Фахрутдинов шықты. Оған облыс әкімі "Қостанай облысының Құрметті азаматы" белгісін табыс етті.

Сондай-ақ бұл тізімді Қазақстанның алғашқы антропологы, академик, профессор Оразақ Смағұлов және Олимпиада ойындарында өнер көрсеткен және Олимпиада медальдарын жеңіп алған алғашқы қазақстандық спортшы Иван Гаранин, халықаралық шаңғы Ассоциациясы комитетінің мойындауы бойынша ХХ ғасырдың үздік шаңғышы-шабандозы толықтырды.

"Қостанай қаласының Құрметті азаматы" төсбелгісін қала әкімі табыстады. Оның иегерлері атақты дәрігер, акушер-гинеколог Иван Янцен және аты аңызға айналған футболшы, "Тобыл" клубының жаттықтырушысы және көпжылдық капитаны Нұрбол Жұмаскалиев болды.

Берік Арманов
Бөлісу: