Қостанайда ТЖМ қызметкерлері өрт кезінде 25 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Чкалов көшесінде бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан дүкенде тоңазытқыш пен кассалық аппарат жанды. Жедел келген өрт сөндірушілер 5 ш.м.. алаңдағы өртті сөндіріп, жоғарғы қабаттардан 25 адамды, оның ішінде 7 баланы эвакуациялады. Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталып жатыр, - деп жазылған министрлік мәліметінде.
ТЖМ тарапы өрт орын алған жағдайда 112 нөміріне хабарласуды ескертеді.