Қостанайда мектептегі бомба туралы хабарлаған оқушының әкесі жазаланды

10 Шілде, 18:33 579

Қостанайда 9 жасар бала мектепте «бомба бар» деп хабарлап, бұл әрекеті үшін оның әкесі айыппұл төледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқушының айтуынша, ол мұны достарының көңілін көтеру үшін жасаған.

Бастапқыда гимназия оқушысына лаңкестік туралы жалған хабар таратты деген айыппен қылмыстық іс қозғалған, алайда кейіннен іс әкімшілік құқық бұзушылық деп өзгертіліп, оның ата-анасы жауапқа тартылатын болды.

Құқық бұзушының әкесінен 36 920 теңге көлемінде айыппұл өндірілді, - деп мәлімдеді Қостанай облыстық кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі ауданаралық соттың баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, оқиға 7 маусым күні болған. Қоңырау түскен бойда білім ордасына жедел қызмет өкілдері жіберіліп, балалар мен қызметкерлер түгел эвакуацияланған.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: