Қостанайда әйелін қылғындырып өлтірген полицей сотталды

6 Маусым, 11:00 499

Қостанайда полиция департаменті патрульдік полиция батальонының бұрынғы инспекторы әйелін өлтіргені үшін 9 жылға сотталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Күйеуі мен әйелінің арасындағы даудың арты адам өлімімен аяқталған. Ер адам эмоциясын бақылай алмай жұбайын электр ұзартқышпен қылқындырған. Салдарынан әйел сол жерде көз жұмған. Қылмысының ізін жасырғысы келген күйеуі мәйітті гаражға апарып, өзіне қол жұмсағандай есіп көрсетуге тырысады. 

Сот-медициналық сараптамасы марқұм әйел механикалық асфиксия салдарынан көз жұмғанын растаған.

Сот сотталушыны жұбайын өлтіргені үшін кінәлі деп тауып, оған 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. 
 
Сондай-ақ ол «полиция аға лейтенанты» арнайы шенінен айырылды.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: