Қостанайда әйел өз-өзін өртеп жіберді

13 Наурыз, 09:02 1835

Оқиға Қостанайдағы бөлшек және көтерме сауда ауданында болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әйел үстіне белгісіз бір сұйық зат құйып, өзін өртеп жіберген. Төтенше оқиға мекеме аумағында болған. Полиция аталған фактіні растады.

Полиция өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүрәп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталды. Өзге мәлімет жария етуге жатпайды, - делінген Қостанай облыстық Полиция департаменті таратқан мәліметте.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: