Қостанайда 5 мың гектар алаңда құрғақ шөп өртенді

8 Қазан, 22:10 845

Қостанай облысы Қамысты ауданы Арқа ауылынан 15 шақырым жерде алдын ала болжам бойынша 5000 га алаңда құрғақ шөп өртенді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ желдің екпіні 25 м/с дейін жетуі өрттің лезде таралуына әкелген болуы мүмкін екенін айтты. Өрттің мемлекеттік қордың орман алқабына өту қаупі туындаған. 

Оқиға орнына дереу құтқарушылар топтары, оның ішінде өрт сөндіру авиациясы тартылған.

Өртті сөндіруге жеке құрамнан 200-ге жуық адам, ТЖД, ЖАО 33 техникасы, тікұшақтар мен өрт пойызы жұмылдырылды. 7 рет жалпы көлемі 14 текше метрден асатын су төгілді.

ТЖ министрінің тапсырмасы бойынша өрт орнына Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Рамиль Камалов, ТЖ жою департаментінің бастығы Мақсат Дәулетьяров және Қостанай облысы ТЖД бастығы Дамир Ермағамбетов жіберілді.  

Құтқарушылардың үйлесімді іс-қимылдары мен өртті ауадан және жер үсті тәсілімен сөндіру бойынша қабылданған шаралардың арқасында қызыл жалын толығымен сөндірілді. Қазіргі уақытта өрттің нақты ауданы белгіленуде. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Зарина Арман
Бөлісу: