Қостанайда 42 тұрғын үй, мектеп және әуежай жылусыз қалды

20 Желтоқсан 2023, 17:18 777

Қостанайда жерасты жылу желісіндегі ұйытқу салдарынан ондаған көпқабатты үй, орта мектеп пен әуежай жылусыз қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі «Қостанай жылу-энергетикасы» мемлекеттік кәсіпорнына (КТЭК МКК) сілтеме жасап.

Серіктестіктегілер Герасимов көшесіндегі №4 тұрғын үйдің жанында жерасты жылу желісінің жарылғанын түсіндірді.

Герасимов көшесіндегі №4 тұрғын үйдің жанындағы жерасты жылу желісіндегі ұйытқуға байланысты 20 желтоқсанда сағат 12:00-ден 20:00-ге дейін 42 көпқабатты тұрғын үйге, №29 орта мектеп және Халықаралық Қостанай әуежайының ғимараттарына жылу беру тоқтатылады, – деді «КТЭК» МКК әкімшілігі.

Компания жылусыз қалған Қостанай тұрғындарына жұмысты тезірек аяқтауға уәде берді.

Қолайсыздық үшін кешірім өтінеміз және жұмысты мүмкіндігінше тезірек аяқтауға бар күшімізді саламыз, – деді кәсіпорын әкімшілігі.

Равиль Ашығали
Бөлісу: