Қостанай облысы Қарасу ауылынан 10 шақырым жерде бірнеше көлік қар құрсауында қалып қойған. Төтеншеліктер жергілікті маңызы бар автожолда құтқару операциясын жүргізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ведомство мәліметінше, қар құрсауынан жолдың тазартылған учаскесіне ішінде 13 адам болған 6 жеңіл автокөлік сүйретілді. Төрт жолаушысы бар автокөліктің бірі Қарасу ауылына жеткізілді. Осылайша құтқарушылардың жедел әрекеттерінің арқасында барлық азаматтар қауіпсіз жерге көшірілді. Оларға медициналық көмек қажет болмаған.