Қостанай облысындағы Приречное ауылында карантин орнатылды

5 Тамыз, 21:32 497

Приречное ауылында 26 бас ірі қара малдың өлімі фактісі бойынша жылжымалы инсинераторда өртеу әдісімен құлаған жануарларды кәдеге жарату бойынша шаралар жедел қабылданды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, оқиға орнында дезинфекциялық шаралар жүргізілді. Приречное ауылында карантин орнатылды.

Қазіргі уақытта ветеринария жөніндегі ұлттық референттік орталықта қоздырғыштың дифференциалды диагностикасы бойынша зерттеулер жүргізілуде. Зерттеу нәтижелері туралы қосымша хабарланатын болады.

Ауылдағы эпизоотиялық жағдай ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің тұрақты бақылауында.

Перизат Саденова
Бөлісу: