Қостанай облысында жүргізуші жылу трассасына соғылды

30 Наурыз 2023, 20:34 808

30 наурыз сағат 14:49-да Арқалық қаласында ВАЗ автокөлігінің 28 жастағы жүргізушісі Ш.Жәнібек көшесімен келе жатып, рөлге ие бола алмай жылу трассасына соғылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жол апаты салдарынан жүргізуші қайтыс болды.
 
Қазір аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды, қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

EL.KZ
Бөлісу: