Қостанай облысында жол апатынан төрт адам қайтыс болды

17 Қыркүйек, 09:50 567

Қостанай облысында жантүршігерлік жол апаты болып, екі бала мен екі ересек адам қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиға Торғай-Арқалық тасжолында – Жангелді ауданына қарасты Торғай елді мекенінің маңында болған.

Lexus жүргізушісі көлікті басқара алмай қалып, «ГАЗельмен» соқтығысқан.

Lexus жүргізушісі мен екі жолаушысы, оның ішінде екі бала қайтыс оқиға орнында қайтыс болды. Lexus көлігінің тағы бір жолаушысы ауруханада көз жұмды, ­– деп мәлімдеді облыстық Полиция департаменті.

Полиция қылмыстық іс қозғалып, жедел-тергеу тобы оқиғаның мән-жайын анықтауда.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: