Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жол апаты салдарынан Nissan жолаушысы мен Lada Granta жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Жүргізушілер түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді, деп жазды alau.kz.
Аталған факті бойынша полицейлер Қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлігі "Абайсызда екі адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады, - деді Қостанай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі