Қостанай облысының Жітіқара ауданында жайылымдық жерді мақсатсыз пайдалану дерегі тіркелді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жер ресурстарын басқару департаменті, аудандық прокуратура және ішкі істер органдары бірлесіп жүргізген тексеру барысында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесінде заңсыз алтын өндіру жүргізілгені анықталды. Жер иесі ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірудің орнына, топырақты жуу әдісі арқылы бағалы металдар өндіріп келген. Арнайы техника, металл іздегіштер және пайдалы қазбаларды заңсыз өндіруге арналған құралдар тәркіленді.
Заңбұзушылыққа байланысты жауапты серіктестікке 2,6 млн теңге көлемінде айыппұл салынып, құнарлы топырақ қабатын қалпына келтіру міндеттелді.
Билік өкілдері жер ресурстарын заңсыз пайдалануды болдырмау мақсатында бақылауды күшейтетінін мәлімдеді.