Қостанай облысында құтқарушылар аяғы сынған әйелге көмектесті

10 Қараша, 17:16 352

ТЖМ құтқарушылары аяғы сынған әйелді тасымалдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметінше, Қостанай облысы Қарасу ауданы Новоселовка ауылында 1956 жылы туған әйел аяғынан жарақат алып, ауруханаға өздігінен жете алмады.

Қолайсыз ауа райы мен қармен жабылған жолдар аудандық ауруханаға көлік қатынасын қиындатты.

Ауыл әкімшілігінен хабарлама алған құтқарушылар жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен бірлесіп дереу көмекке ұмтылды, - делінген мәліметте.

Үйлестірілген жұмыс зардап шеккен адамды қажетті ем беретін медициналық мекемеге қысқа мерзімде тасымалдауды ұйымдастыруға мүмкіндік берді.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: