Қостанай облысында қар құрсауында қалған жүргізуші құтқарылды

Бүгiн, 01:11 171

Қостанай облысында ТЖМ қызметкерлері далада қалып қойған адамға көмекке келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметінше, бүгін ер адам автокөлікпен Қостанай қаласынан Торғай ауылына қарай жолға шығып, алайда көлігі қар құрсауында қалып қойған.

Автокөлік қар құрсауында қалып, телефоны сөніп қалғандықтан, ол 112 қызметіне қоңырау шала алмаған. Көлікпен өтіп бара жатқан адамдарды тоқтатып көмек сұраған. Сонан соң 112 нөміріне қоңырау шалып, құтқарушыларды шақырған. Құтқарушылар 70 шақырым жерді еңсеріп, ер адамды тауып, оны Амангелді ауылына дейін жеткізді, - делінген мәліметте.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: