Қостанай облысында қар құрсауынан 24 адам құтқарылды

6 Ақпан, 22:34 549

5 ақпанда сағат 09:54-14:54 аралығында Рудный қаласы Арқалық қаласы және Сарыкөл ауданында төтенше жағдайлар қызметінің күшімен қар құрсауында қалып қойған көліктерден 24 адам құтқарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Соңғы тәулікте Қостанай облысының аудандарында ауа райының нашарлауына байланысты мемлекеттік жүйенің күштерімен бірқатар авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілді:

Рудный қаласы ағымдағы жылдың 5 ақпанында сағат 09-54 «Рудный-Качар-Федоровка» облыстық бағыты. Қар құрсауында шұғыл медициналық көмек көрсетілді. Төтенше жағдайлар қызметінің күштерімен қар құрсауынан 3 жеңіл және 2 жүк көлігін алып шығып, 16 адам құтқарылды. Құтқарылғандар медициналық көмекті қажет етпеді

Сарыкөл ауданы 05.02. сағат 23-19-да Сарыкөл, көл Сарыкөл. Апатты-құтқару жұмыстары қар құрсауында халыққа көмектесіп, 1996 және 1988 жылы туған екі ер адам құтқарылып, ауылдағы жақын елді мекендерге жеткізілді. Олар медициналық көмекке жүгінбеді.

Сол күні сағат 14-54 Сарыкөл ауылы, Сарыкөл көлі жанында халыққа көмек  авариялық-құтқару жұмыстары жүргізіліп, қар құрсауында қалған 4 адам құтқарылды. Олар медициналық көмекті қажет етпеді, Сарыкөл ауылына жеткізілді.

Арқалық қаласы 05.02. сағат 12-07 «Арқалық-Торғай» облыстық бағыты. Қар құрсауында халыққа көмек көрсету үшін шұғыл құтқару жұмыстарын жүргіздік. 1977 және 1953 жылы туған екі ер адам құтқарылып, ауылдағы жақын маңдағы елді мекендерге жеткізілді. Арқалық.

Жүргізушілер жолға шығарда көліктің жағдайын мұқият тексеріп, жолдың жағдайы туралы ақпаратты қадағалап барып жолға шығуы қажет. Дауылды ескертулерді алған кезде, әсіресе түнде және ауа-райы нашарлағанда елді мекендерден тыс сапарға шығудан және ұзақ қашықтыққа жаяу жүруден алақ болу қажет.

Баян Әжмұхан
Бөлісу: