Қостанай облысында полицейдің өлі денесі өз үйінің ауласынан табылды

11 Мамыр, 23:38 1874

Қостанай облысы Ұзынкөл ауылында аудандық полиция бөлімінің қызметкері Құмар Шайтасовты өлтіріп кеткен. Бірнеше пышақ жарақатын алған полицейдің денесі өз үйінің ауласынан табылған, деп хабарлайды tobolinfo.kz-сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.

Полиция майоры криминалист болып жұмыс істеген. Ол еңбек демалысында болған. 

Қостанай облыстық Полиция департаменті тәртіп сақшысының мәйіті 10 мамырда табылғанын хабарлады. 

Аса ауыр қылмыс фактісі бойынша іс қозғалды. Қазіргі уақытта қылмыскерді ұстау үшін барлық қажетті тергеу әрекеттері мен жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Сотқа дейінгі тергеудің барысы Ішкі істер министрлігінің бақылауында. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне қатысты өзге де мәліметтер жария етілмейді, - деп атап өтті полициядан.

Перизат Саденова
Бөлісу: