Қостанай облысында өрт болған үйден екі адам құтқарылды

27 Тамыз, 23:42 668

ТЖМ өрт сөндірушілері өрт кезінде екі адамды құтқарып, үш газ баллонын алып шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ведомство мәліметінше, Қостанай облысы Жітіқара қаласында жеке тұрғын үй өртеніп, қызыл жалын шатырға ауысқан.

Келген өрт сөндірушілер түтін басқан үйден әжесі мен немересін құтқарды. 40 шаршы метр алаңда өрт сөндірілді. Жанып жатқан үйден өрт сөндірушілер үш газ баллонын алып шықты. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда, - делінген мәліметте.

ТЖМ азаматтардан тұрмыста өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.

Перизат Саденова
Бөлісу: