Өңірде ірімшіктің 20 жаңа түрін шығаратын кешен пайдалануға берілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов атап өткендей, бұл ірімшік өндірісін 3 есеге арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, диірмен кешені пайдалануға берілді, алғашқы 6 заманауи жоғары технологиялық сүт-тауар фермасының, сондай-ақ «Кондитерлік астана» фабрикасының құрылысы басталды.
Бидайды терең өңдеу зауытын салу жоспарда бар. Зауыт глютен, крахмал, биоэтанол және лизин сияқты бірегей өнімдер шығарады. Инвесторға жер учаскесі берілді, инжинерлік іс-шаралар жүргізіліп жатыр, – деді әкім ОКҚ баспасөз конференциясында.