Қостанай облысында екі жасөспірім қыз cуға батып кетті

17 Маусым, 09:21 494

Қостанай облысындағы Үй өзеніне екі жасөспірім суға батып кетті, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы жағдай Федоров ауданының Кенерал ауылында болған.

2014 және 2015 жылы туған қыздар ересектердің қарауынсыз, жабдықталмаған жерде шомылған.

Құтқарушылар Үй өзенінен бір қыздың жансыз денесін шығарды. Екінші жасөспірімді іздестіру жұмыстары жалғасып жатқаны хабарланды.

ТЖД азаматтарды су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: