Қостанай облысында екі жасар бала кәрізге құлап көз жұмды

10 Маусым 2023, 23:11 923

Қостанай облысында кәрізге құлаған бала қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Ақпаратты Қостанай облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. Оқиға Тобыл қаласында болған.

Тобыл қаласында кәріз құдығына құлаған екі жасар баланың қаза болу фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 254-бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды, - делінген мәліметте.

Тергеу аясында тиісті сараптамалар тағайындалды.

Берік Арманов
Бөлісу: